БҚО: «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес 39 шаруа қожалығы 378 млн. теңге несие алды

Батыс Қазақстан облысында ірі қара малының өнімділік сапасы мен еттің экспорттық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың сөзіне қарағанда, осы мақсатта «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында өңірге 343 бас шетелдік асыл тұқымды мал әкелінді. Соған қоса жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 39 шаруа қожалығы 378 млн. теңге несиеге қол жеткізіп, 1874 бас аналық және 73 асыл тұқымды бұқашық сатып алды. Биыл бес шаруа қожалығы (Қазталов ауданынан «Қамқор» ШҚ - 1 мың басқа арналған, Тасқаладан «Арай» ШҚ - 500 бас, Шыңғырлаудан «Бірлік» ШҚ - 400 бас, Жаңақаладан «Ақбота» ШҚ - 200 бас, Сырымнан «Жібек жолы» ШҚ - 400 бас) барлығы 2500 басқа арналған мал бордақылау алаңдарын салуда.

Сонымен қатар, өңірдің өз өнімдерін өндіру де жалғасуда. Мысалы, «Жайық-Ет» ЖШС-ның етті қайта өңдеу кешенінде жыл басынан бері 4,7 мың тонна ет және ет өнімдері өндірілді, мұнда қазіргі кезде 102 өнім түрі шығарылуда. «Жібек жолы» айына 1750 бас, «Кублей» ЖШС ауысымына 10 тонна ет өндіретін (70 бас ірі қара) мал сою орындарын салуда. Ал Ақжайық ауданында «Батыс Марқа Ламб» ЖШС тәулігіне 1400 бас қозы сойып, оның етін өңдейтін кешен құрылысын жүргізуде. Зеленов ауданы Щапов ауылы маңында «Бисекеш» ШҚ тәулігіне 3 тонна ешкі сүтін өндіріп, қайта өңдеуді көздеуде.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз