БҚО ТЖД өңірде өрт қаупінің күшейетінін ескертті

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 20 мамырда өңірде өрт қаупі күшеймек.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, әсіресе, Жәнібек, Бөкей ордасы, Сырым, Ақжайық аудандарында төртінші дәрежелі, яғни жоғары өрт қаупі жарияланды. Мұндай жағдайда болмашы ұшқынның өзінен басталған өрт тез тарайды. Сондай-ақ Орал қаласы, Зеленов, Теректі, Тасқала, Шыңғырлау, Жаңақала, Бөрлі. Қазталов, Қаратөбе аудандарында өрттің туындау қаупі орташа деңгейде.

Облыс аумағында ыстық, жауын-шашынсыз күндердің жалғасып, желдің күшеюіне байланысты аса сақтық қажет.

Биыл жыл басынан бері өңірде 210 өрт тіркелген, ол өткен жылғыдан (234) 8,6 пайызға аз. Ал биыл өрттен келген шығын 30,9 млн. теңгеден асты.

 

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз