БҚО жанар-жағармай бекеті бензиннің бағасын 145 теңге деп көрсетті

Батыс Қазақстан облысы Федоровка ауылындағы "Москвичи" жанар-жағармай бекетінде АИ-93 бензинінің 1 литрі 145 теңге деп көрсетілген. Бұл туралы "Уральская неделя" газетінде жазылды.  Суреттер 5 қыркүйекте түсірілген. Хат авторларының айтуынша жанар-жағармай бекетіндегі қызметкерлер мұндай бағаны қайдан алғанын түсіндіруден бас тартып, мән-жайды орталық кеңседен білуге болатынын айтқан. 

Айта кетейік, бұл жанар-жағармай бекетінде дизель отынының литрі - 120 теңге, АИ-80-нің литрі - 95 теңгеден болған. 21 тамыздағы бұйрыққа сәйкес, бензиннің және басқа да мұнай өнімдерінің бағасы - 115 теңгеден, АИ-92-93-тің  литрі - 128 теңгеден, АИ-80-нің литрі - 89 теңгеден аспауы керек. 

Сарапшылар елімізде мұнай өнімдерінің тапшылығы бар екенін айтып отыр. Тәуелсіз сарапшы Сергей Смирновтың айтуынша, бұл жағдай қараша айында ретке келе бастайды. Сарапшы Қазақстанда АИ-92-93 маркалы бензинінің литрі 128 теңге болуы мемлекет үшін шығын деп отыр. Өйткені Ресейдің өзінде АИ-92-93 бензинінің литрі 125 теңгеден айналады. Ал оны Қазақстанға жеткізудің өзі қаншама шығын. "Егер шығындарын есептесек, қазір бізде АИ-92-93 бензинінің литрі 160 теңге болуға тиіс еді. Артық шығын кімге керек?". Сарапшылардың ойынша, Қазақстанда мұнайдың тапшылығы мұнай өндіретін зауыттардың қарқынды жұмыс істей алмауына байланысты.

Tengrinews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз