БҚО жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы шартты түрде бес жылға сотталды

Орал қалалық сотының үкімімен БҚО жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Ғабит Жанғалиев ҚР ҚК 310-бабының 2-бөлімі, 176-бабы 3-бөлімінің «б, г» тармақтары бойынша 4 жылға мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айыру, ҚР ҚК 63-бабын қолдану арқылы 3 жыл сынақ мерзімімен шартты түрде 5 жылға, «БатысЖерLTD» ЖШС директоры Ерлан Омаров ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімінің «б» тармағы бойынша 3 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру, ҚР ҚК 63-бабын қолдану арқылы 3 жыл сынақ мерзімімен шартты түрде 5 жылға сотталды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2010 жылдың қыркүйек айында Ғ.Жанғалиевтің Е.Омаровқа ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерді түгендеу жұмыстарының мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде өз көмегін көрсетуді ұсынғандығы сотпен анықталды. ЖШС жеңімпаз деп танылған жағдайда жұмыстардың бір бөлігі тиісті төлем үшін Жанғалиевтің өзімен орындалады деген шарт қойылған.

Бұдан әрі 2010 жылғы 14 қазанда ЖШС мен ММ арасында жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындауға №1 келісім-шарт жасалған. Өз қызметтері үшін Жанғалиев Омаровтан 4,5 млн. теңге алған. 2013 жылғы 16 қыркүйектегі №1178 сот-бухгалтерлік сараптаманың қорытындысына сәйкес құжат негізіндегі ЖШС 15,4 млн. теңге шығынының 4 264 359 теңге сомасы ғана расталды. Сонымен қатар, Ғ.Жанғалиев заңмен белгіленген тыйым салуға қарамастан, аталған ЖШС кәсіпкерлік қызметіне жеке қатысқан.

Аталған фактілер жер туралы заңнаманың қолданылуына тексеріс жүргізу барысында анықталып, оның қорытындысы бойынша прокурорлық тексеру материалдары негізінде қаржы полициясы қылмыстық іс қозғаған болатын.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз