«Бөбек» - «ТОП-30» қатарында

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы «Бөбек» мектепке дейінгі ұйымы облысымыздағы осындай шағын мекемелер арасындағы «ТОП-30» қатарына еніп, Халықаралық Ұлттық бизнес-рейтинг одағының марапаттауларына ие болды.

«Сала көшбасшысы – 2014» атағын иеленген «Бөбектің» меңгерушісі Гүлжанат Жігербайқызы «Қазақстан даңқы» орденімен, «Сала көшбасшысы» медалімен, ал мекеменің бухгалтері Светлана Темірғалиева кәсіптік аталыммен қоса «Сіңірген еңбегі мен жетістіктері  үшін» медалімен, зертханашы Гүлмайра Нұптығалиева «Жыл маманы – 2014» Ұлттық сертификатымен марапатталды.

Мектепке дейінгі бұл мекеме сәбилерге тәрбиеге беретін аудандағы байырғы мекеме болып табылады. Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту, педагогтардың бастамашылдығы, озық тәжірибені кеңінен игеру жөнінде «Бөбек» әрдайым мақтаулылыар қатарында аталып келеді.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз

Похожие новости