Бөкей ордасы тарихи-музей кешенін тарихи-мәдени қорыққа айналдыру қажет

Бөкей ордасы ауданындағы іргесі 1826 жылы қаланған Хан ордасы ауылындағы тарихи-музей кешеніне тарихи-мәдени қорық мәртебесін беру қажет.

БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Айдар Батырхановтың айтуынша, аталмыш музейлік кешеннің құрамында ХІХ-ХХ ғасырларға жататын 60-тан астам тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Әсіресе, ескі тарихи үйлерді күні бүгін сақтап қалмаса, болашақта бұл қиындай түседі. Қорық құру бағытында қажетті жұмыстар жүргізу үшін кемінде 1 млрд. теңге керек.

Сол секілді Орал қаласы маңында Алтын орда кезеңіне жататын ортағасырлық көне қалашық табылғаны белгілі.  Тарих ғылымдарының докторы, профессор, облыстық археология және тарих орталығының директоры Мұрат Сыдықовтың пікірінше, «Жайық» қалашығы қазіргі Орал қаласының түпатасы болып саналады. Бұл қалашықты аспан астындағы музей-қорық жасау жөнінде Үкіметке ұсыныс жасалды. Бұл мақсатқа 1,5 миллиардтай теңге қажет. Облыс басшылығының қолдауымен бұл бағытта да тиісті жұмыстар жүргізілуде.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз