БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАЛАРЫ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардабын жою кезінде құтқару және өзге де кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау мен жүргізуді пысықтау бағытын көздеген  «Көктем – 2014» оқу-жаттығу шаралары Бөкей ордасы ауданында да өтті.

Жаттығу кезінде хабардар ету, байланыстың үзілмеуін, автокөлік жолдары мен өткелдердің, электр, газ жүйелерінің, қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, өрттің болмауын, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау – барлығы 12 шұғыл әрекет жайлары тексерілді. Бұл шараға 57 адам, 21 техника қатысты.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз