Болашақ журналистерге қазақ баспасөзінің тарихы туралы кітаптар таныстырылуда

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің баспасөз клубында баспасөз тарихына байланысты жарық көрген "Қазақстан" (1911-1913), "Ұран" (1917-1918), "Қос газеттің тарихы" кітаптарының таныстырылымы өтті. Қазақ баспасөзінің бастауында тұрған тарихи құндылығы жоғары аталған кітаптарды таныстыру рәсімін «Жайык Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин жүргізді.

Шараға журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы, аталған факультеттің оқытушылары -  экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жетпісбай Бекболатұлы, саяси ғылымдар докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаева, филология ғылымдарының докторы Назгүл Шыңғысова және "Ұран" кітабына мақаласы енген М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Қалиолла Орынғали сияқты ғалымдар мен болашақ журналистер қатысты.

Қатысушы ғалым, ұстаздар бəрі де бұл басылымдардың қазақ баспасөзінің тарихын зерделеуге қосқан өлшеусіз үлес екендігін атап, əлде де терең зерттеп, насихаттау үшін барынша қолдау білдіретіндерін жеткізді. Осы орайда түрлі тақырыптармен курстық, дипломдық жұмыстар жазуға тапсырма берілетінін жəне арнайы пəн енгізуді де қолға алатындарын айтты. Сонымен қатар Ұлттық Университет пен "Жайық Пресс" ЖШС-нің арасында түрлі бағыттарда тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау мақсатын көздейтін меморандумға қол қойылды. Бұл келісім шеңберінде көптеген мазмұнды істер атқарылары сөзсіз.

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз