Бостандықтың Тұрарбегі

Бостандықтың Тұрарбегі жарап тұр. Былғары қолғапты балғын боксшы спортқа ден қойған аз уақыттың ішінде біраз биікті бағындырды.

Алматыға барып, ел чемпионы атанды. Оралда өткен аумақтық іріктеу жарыстарында да топ жарып, бірінші орынның тұғырынан көрінді. Енді, міне, мамыр айында Жезқазған қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алып отыр.

Спорт елдің даңқын шығарады дейміз. Спорт әлеміне қанат қаққан Тұрарбектей жас талант дүбірлі додаларда өзі туып-өскен Бостандығының ғана емес, ауданның, қала берді облыстың намысын абыроймен қорғап келеді.

Бар болғаны 7 сыныпта оқитын жас боксшы Тұрарбек Қалиев жуырда Қазақстан спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындап, тағы бір жан жадыратар жетістікке қол жеткізді.

Жарайсың, Тұрарбек!

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз