Бұрын бес рет сотталған 44 жасар тұрғын есірткі сатып, өзімен бірге тағы екі адамды «ала кетті»

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі сатумен айналысқан үш бірдей тұрғынға үкім кесті.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұрын түрлі қылмысы үшін бес рет сотталған 44 жасар тұрғын «бұл іске» өзінің екі танысын (оның біреуі әйел) тартқан. Олардың біреуі есірткі табумен, екіншісі сіріңке қорабына салумен, 34 жасар әйел сатумен айналысқан. Тергеу органдары әйелдің біріншіде 6 грамм, кейін 3 грамдай марихуана сатқанын анықтаған. Енді біреуінің мекенжайынан тінту кезінде 1736 грамм марихуана табылған.

Сот оларды ҚР ҚК 259-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, ұйымдастырушыны ерекше тәртіптегі колонияда 8 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды. Екінші сыбайласына 4, әйелге 6 жыл жаза кесілді. Бұлар жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтейтін болады.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз