ӘЧ-2014: Хамес Родригес Пеленің рекордын қайталады

Әлем чемпионатының 1/4 финалында Бразилияға қарсы ойында гол соққан Колумбия құрама командасының футболшысы Хамес Родригес атақты Пеленің рекордын қайталады, деп жазады www.sovsport.ru сайты.  

Колумбиялық ойыншы 23 жасында әлем чемпионатында 6 гол салған тарихтағы екінші футболшы атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 1958 жылы 17 жасында даңқты Пеле жеткен болатын.

Осылайша, Родригес әлем чемпионатының үздік шабуылшыларының көшін бастады. Колумбия Бразилиядан жеңіліп қалғандықтан енді ол бұл чемпионатта  көрсеткішін жаңарта алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Германия мен Бразилия жартылай финалда кездеседі.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз