Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға ескерткіш орнатылмақ - Орал қаласы

Бүгін, 26 сәуір күні Чернобыль атом электр стансасында орын алған дүлей апатқа 28 жыл толып отыр. Осыған орай Оралдағы жастар шығармашылығы орталығында арнайы жиын өткізілді.

БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен «БҚО Чернобыль мүгедектері және ардагерлері» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шарада облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен атап өткеніндей, аталмыш апаттан Украина ғана емес, басқа да елдер зардап шекті. Апат зардабын жоюға Батыс Қазақстан облысының өзінен үш жарым мыңнан астам адам қатысты. Қазіргі таңда олардың көзі тірілеріне барынша қамқорлық көрсетіліп келеді.

Сонымен бірге құрбан болғандардың есімдері де ұмытылмақ емес. Жастар шығармашылығы орталығының саябағында Чернобыль апатын жоюға қатысқандар құрметіне арналған ескерткіштің орны белгіленді. Ол алдағы уақытта бой көтеретін болады.

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысқан шара барысында Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға алғысхаттар табыс етіліп, қайтыс болғандарының отбасыларына қаржылай көмек берілді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз