Чернобыль апатына қатысушыларға әлеуметтік қолдау көрсетілді

26 сәуірде Чернобыль апатына 28 жыл толмақ. ХХ ғасыр қасіреті аталған апат салдарын жоюға қатысушы жерлестеріміз сол күндерді  жаңғыртып, мұның адамзат үшін зор сабақ болғанын еске алады.

Зеленов ауданында Чернобль апаты зардабынан қаза болғандарды еске алу күні қарсаңында апатты залалсыздандыруға атсалысқан бейбіт күннің батырларына жергілікті бюджеттен қаржылай көмек берілуде.

  Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше апат зардабын залалсыздандыруға қатысушыларға (8 адам) 10 мың теңге, Чернобль АЭС-нің апаты салдарынан мүгедек болып қалғандарға (20 адам) 10 мың теңге, апаттан сәулелік ауруға ұшырап қаза болғандардың отбасына (2 отбасы) 10 мың теңге, апат орнындағы қызметі барысында қаза болғандардың отбасына (8 адам) 10 теңге, апат аймағынан елімізге қоныс аударылған тұлғаларға (2 адам) 3 мың теңге көлемінде төлемдер жасалған.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз