Ауыл халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі артты - аудан бас дәрігері

Ауыл халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі артып, профилактикалық шаралар кеңейтілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында БҚО Зеленов орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нәдия Ахметова айтты.

Оның атап өтуінше, елімізде медициналық көмекті қаржыландыру және ұйымдастырудың жаңа қағидаларының енгізілуіне байланысты алғашқы көмек ұйымдарын қаржыландыру көлемі артып, жұмыс істемей тұрған төсек-орындар қысқартылды. 
«Ауыл халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі артып, профилактикалық шаралар кеңейтілуде. Дәрігерлердің жалақысы 7,5, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 12 пайызға артты», - деді ол. 
Н.Ахметованың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда ауыл халқы жоғары технологияларды пайдалануға еркін қол жеткізіп отыр.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз