Жолдау - бұл халықпен ақылдасу, халыққа жоспарды жеткізу деген сөз - М.Құл-Мұхамед

Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында БҚО-ға республикалық ақпараттық-насихат тобын бастап келген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед өңір басшысы Нұрлан Ноғаевпен бірге алдымен облыс активімен кездесті.

Министр өз сөзінде Елбасы Жолдауынан кейін арнайы құрылған ақпараттық-насихаттық топтардың басты мақсаты еліміздің түкпір-түкпіріндегі жергілікті халықтың жағдайымен танысып, олардың мұң-мұқтажы мен талап-тілектерін, ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, Елбасына, Президент Әкімшілігіне, Үкіметке жеткізу екендігін атап өтті. Бұдан кейін Мұхтар Абрарұлы Елбасы Жолдауының басты бағыттарына тоқталып, жиынға қатысушылар сауалдарына жауап берді.

Кеше Мәдениет және ақпарат министрі облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірге сондай-ақ Ақжайық ауданында да болды. Министр аудан орталығына Чапаев ауылына таяу жерде салынып жатқан ет комбинатының құрылысымен танысты, аудандық балалар шығармашылық орталығы шәкірттерінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары көрмесін аралап көрді. Сосын «Мерей» мәдени-демалыс орталығында жұртшылық өкілдерімен, ауыл тұрғындарымен жүздесуде министр Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының мұраттары туралы кеңінен баяндады. М.Құл-Мұхаммедтің 1997 жылғы тұңғыш Жолдаудан бергі бұл саяси құжаттардың тарихы және «Мәңгілік Ел» идеясының бастау көзі мен түпкілікті мақсаты жайында айтқанын жиналған қауым қызыға тыңдады. «Жолдау - бұл халықпен сырласу, ақылдасу, халыққа жоспарды жеткізу деген сөз. Дұрыс жолда келеміз. Демек, ертеңіміз бүгінгіден де нұрлы», деді ол.

Кездесуден соң министр және облыс әкімі соңғы уақытта жәдігерліктері молыға түскен аудандық өлкетану мұражайында болды.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз