"Мария Ханым" ұлттық киімдер сән үйі

Основная информация
Мекенжайы: 
Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 40А үй
Телефон: 
50-46-83, ұялы тел. +7 707 898 60 05
Режим работы: 
дүйсенбі-жұма 9:00ден 18:00ге дейін, түскі үзіліс 13:00ден 14:00ге дейін, сенбі 9:00ден - 13:00ге дейін

«Мария ханым» сән үйіне қош келдіңіздер!

Отбасылық кәсіпке айналған "Мария ханым" сән үйі 20 жылдан астам өз бұйымдарымен елімізге танымал. Талай қиын уақыттарды бастан өткерсе де кәсібін өркендету жолында еш нәрседен тайсалмаған отбасылардың бірі. Алғашында үш-ақ тігін мәшинесімен өрістеткен кәсіптері қаланың мәдени саласына біраз үлес қосты.

Жанұясымен түгелдей сән үйіне ден қойған, бүгінде тәжірибелі тігін шеберлерімен толық қамтылған. Куә болғанымыздай, өндіріс цехында жаңа үлгідегі  әр түрлі класты электронды, компьютерлік  тігін машиналары жұмыс істеуде.

Мекеменің эксклюзивті киімдерге тапсырыстарды қабылдайтын материалдық-техникалық базасы және ҚР Мемлекеттік Туын дайындауға мемлекеттік лицензиясы бар екен.

Сән үйінің директоры Жұлдыз Құспанованың айтуынша, мұнда тек ұлттық киімдерге ғана емес, ерлер мен әйелдерге, балаларға арналған күнделікті киімдердің сан түріне, ғимараттардың сәндік бұйымдарына тапсырыстар беруге болады.

Сән үйі көптеген конкурстар мен көрмелерге қатысып, жүлделі орындарды иемденіп келеді. Бүгінде мекеменің Ақтау қаласынан арнайы ашылған филиалы шығармашылық дәстүрді, идея мен мақсаттарды жетілдіруде. Астана, Атырау қалаларымен тығыз жұмыс істейді. Жұмысқа жастарды тартып қамтамасыз етеді.

Қазақтың ұлттық киімдерін әлемге паш етуді мақсат еттік, – дейді Мәрия Райыпқызы. 

Сән үйі келесі қызметтер түрін көрсетеді:

-Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған ұлттық киімдер;

- Формалық киімдер мен арнайыкиім тігу;

- Кешкі және сахналық киімдерді тігу;

- Сахна киімдерін тігу, оның ішінде сахнаны ұлттық нақышта безендіру;

- Сувенирлық бұйымдарды дайындау; 

- Декоративттік жабындыны дайындау және киіз үйді жабдықтау;

- Эксклюзивттік киімдер жиынтығының көрсетілімін өткізу.

P.S. «Мария ханым» сән үйі бірнеше рет "Лучшая женщина - предприниматель" республикалық байқауының жүлдегері болып танылған. Атырау, Ақтау, Самара, Саратов, Астрахань, Орынбор, Орал қалаларында өткен көрмеге қатысып дипломант атанды.

Жоғарыда айтылған жетістіктерге қарамастан, сән үйі директоры Жұлдыз Қазиқызы қазір де оқуын жалғастыруда. Ол Юрий Мороз Мәскеу институтының студенті - "Өз ісінің мектебі" бағдарламасы бойынша оқиды. Жұлдыз Хұспанова Юрий Морозға оқуға түсіп, өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға кеңес береді және  www.shsd.ru тапсырмаларды орындаудан өзімен жарысқа түсуге шақырады.

«Мария ханым» сән үйі -

        «Әсемдікті жасап 

                            – тарихымызды ұмытпай,

                                                болашаққа қарау»!

 

Сахналық балалар костюмдері

Өтпелімаусымдық манто

матасы : драп ; қиюы : ұлттық бедердің опликациясы; 

бағасы: 60 000 тенгеден 80 000 тенгеге дейін;
тапсырыспен жасауға болады
(бедер түсін және сән ұзындығы мен өлшемін өзгертуге болады)

Ересектерге арналған сахналық костюмдер

 

 

 

 

 

 

 

 

     

     

    Жаңа пікірді жазу

    Filtered HTML

    • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
    • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
    • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

    Plain text

    • No HTML tags allowed.
    • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
    • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
    CAPTCHA
    Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз