МӘДЕНИ БАЙЛАНЫС НЫҒАЙДЫ

Жаңақала ауданында «Бірлік пен Достық» жобасы жалғасуда.

Жоба аясында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып 33 адаммен келген бірліктіктерді Пятимар ауылының тұрғындары құшақ жая қарсы алып, әр сала бойынша тәжірибе алмасты.

Ауылдық кітапханада «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында «Шалқар даланың Сайыны» атты Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған кеш өтті.

Түстен кейін шараның қорытындысына жиналған халық алдымен Бірлік ауылының көрмесін тамашалады. Содан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Қарағойшин пятимарлықтарды жобаның мақсатымен таныстырды.

Екі ауылдық округ әкімі ауыларалық меморандумға салтанатты түрде қолдарын қойып, сөз сөйледі. Бірліктіктер пятимарлықтарға тілек кітабын табыс етті. Әрі қарай екі ауыл арасында мәдени байланыс өрбіп, концерттік бағдарламаға ұласты.  

http://zhaikpress.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз