Президенттік көпсайыстан БҚО құрамасы олжалы оралды

Щучинск қаласында президенттік көпсайыстан өткен Қазақстан чемпионатынан батыс өңірінің құрамасы олжалы оралды.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, И.Храмцова 50-59 жастағылар арасынан чемпион атанса, Б.Кудрявцев 35-39 жастағылардан, И.Чиров 18-20 жастағылардан қола жүлдені иеленді. 

Сондай-ақ И.Чиров спорт шебері нормасын орындап, ел құрамасы сапына қабылданды.

Енді құрама Санкт-Петерборда 10-15 наурызда полиатлоннан өтетін әлем біріншілігіне қатысады.

http://inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз