ТӨЛ ҮНІМЕН ЖАҢҒЫРУДА

Ақжайық ауданының Мерген ауылдық округіндегі «Саралжын» қыстағының тынысы бүгінде төл үнімен жаңғыруда.

Мал шаруашылығында тәжірибесі бай Талғат Ғұбашевтың осындағы шаруа қожалығы қыс маусымына 69 мүйізді ірі қара, 479 қой, 60 жылқымен кірсе, бүгінге 10 бұзау, 80 қозы, 5 құлын қабылданды. Мұнда ауылдан 2 адам әлеуметтік жұмыс орнында еңбектенуде. Төлханалар жылы, пішен жеткілікті. Ауыл тұрғындары осы қожалықтан тайланған шөп сатып алуда.

Ауданның көптеген шаруа қожалықтарының тірлігі осындай. Яғни, көбейе түскен түліктер басы биыл әлде де артады. Жылдың төлі аман сақталуы үшін шаруалардың тәжірибелі көмекшілерімен де тиісті сала мамандары қоян-қолтық жұмыс жасауда. Бүгінге аудан бойынша 986 бұзау, 4542 қозы-лақ, 21 құлын алынды. Жемшөп қоры артығымен жетеді.

http://zhaikpress.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз