Ағайын-туыс туралы

Не пайда туысқаннан - жуыспаған.
Би-шешендер

Арғымақты жамандап - буданды қайдан табарсың,
Ағайынды жамандап туғанды қайдан табарсың.
Би-шешендер

Ағайынның азғанын - өзі емес, жат білер,
Қапталдықтың батқанын — иесі емес, ат білер.
Би-шешендер

Жақсы болса іні — ортақ.
Шернияз Жарылғасұлы

Ағайын-туған кімде жоқ, сыйласпасаң - жатша жоқ.
Шал Құлекеұлы

Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер.
Шал Құлекеұлы

Ағайын жат болады алыс болса,
Жат та жақын болады — таныс болса.
Дұшпан түгіл достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
Шал Құлекеұлы

Ұран көтерілсе - ру жиылар,
Жау келсе — жамағат жиылар.
Махмұд Қашқари

«Ағайын» десе - шақ қарадық,
«Қайын» десе - жалт қарадық.
Махмұд Қашқари

Іні — ағаның тынысы.
Әйтеке Байбекұлы

Ағасы бардың — жағасы бар, інісі бардың — тынысы бар.
Қазыбек Келдібекұлы

Аға төреші бола алмайды — алдында қаймығары жоқ,
Іні төреші бола алмайды — артында қайырылары жоқ.
Қазыбек Келдібекұлы

Қазақ

Метко сказано: