Ақыл-ой туралы

Ақыл — жан қуаты.
Абай Құнанбаев

Пайда менен залалды - ақыл айырады.
Абай Құнанбаев

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойға жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырда қуалар.
Абай Құнанбаев

Ақыл, сезім болмаса,
Тіршіліктің несі сән.
Абай Құнанбаев

Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда,
Көбінің сырты — бүтін, іші — түтін.
Абай Құнанбаев

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Абай Құнанбаев

Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.
Абай Құнанбаев

Ақыл бітпес дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке.
Абай Құнанбаев

Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Абай Құнанбаев

Зерек ақыл — суық мұз.
Абай Құнанбаев

Күн артынан күн туар,
Бір күн дамыл еткізбес.
Ой артынан ой қуар,
Желге мінсең жеткізбес.
Абай Құнанбаев

Пайдасыз тақыл — байлаусыз ақыл.
Абай Құнанбаев

Надан адамның көзі болғанымен - ойы болмайды.
Абай Құнанбаев

Ақыл — жүректің суаты.
Абай Құнанбаев

Адамға - ақыл керек, іс керек, мінез керек.
Абай Құнанбаев

Арлану — ақылдының ісі.
Абай Құнанбаев

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп,
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.
Абай Құнанбаев    

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
Мұхтар Әуезов

Адам көркі — ақыл.
Мұхтар Әуезов

Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.
Мұхтар Әуезов

Үгітті — ұққанға, ақылды - жұққанға айт.
Сырым Датұлы

Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.
Ғабит Мүсірепов

Көз көргенді - ой таниды.
Ғабит Мүсірепов

Ұшқыр ой, ізденгіш ой, тапқыр ой - ол бір адам. Құр кеуде, жұрттан көргенді өзімдікі дейтін, басқаның ойын иемденіп, іске асырарда көз шығарып, бас жаратын - бұл екінші адам.
Ғабит Мүсірепов

Ой да - тұтқындалады.
Ғабит Мүсірепов

Ақылдылықтың да пайдасы тиеді, ақымақтықтың да пайдасы тиеді: алғашқысын әр кезде күтесің, соңғысы өзі келіп ұрынады.
Ғабит Мүсірепов

Ойға қонар ой өлмейді.
Ғабит Мүсірепов

Ойға сепкенің - өспей қалмайды.
Ғабит Мүсірепов

Көбіктің көлеңкесіндей ғана елес беретін ойлар болады.
Ғабит Мүсірепов

Ақылға саңыраулық та - айып.
Әлихан Бөкейханов

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.
Әлихан Бөкейханов

Байлық түбі — ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.
Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады.
Әлихан Бөкейханов  

Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң — саған ақыл не керек?
Әлихан Бөкейханов 

Ақыл — дария білгенге.
Шортанбай Қанайұлы

Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек.
Шернияз Жарылғасұлы

Халық ісін орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.
Әлихан  Бөкейханов

Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң — саған ақыл не керек?!
Әлихан  Бөкейханов

Ой да көп, уайым да көп — ойлай берсең,
Ой да жоқ, уайым да жоқ — ойнай берсең.
Мұхтар Әуезов

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
Мұхтар Әуезов

Адам көркі — ақыл.
Мұхтар Әуезов

Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.
Мұзафар Әлімбаев

Түйірдей болса да - түйінді ойың болсын.
Мұзафар Әлімбаев

Тауысқанша ішкен - ақылы ауысқанша ішер.
Мұзафар Әлімбаев

Түн жарып туатын - ай да бар, түн жарымда туатын - ой да бар.
Мұзафар Әлімбаев

Жұмулы көз - жүйрік ойдың алаңы.
Мұзафар Әлімбаев

Ағадан — ақыл, ініден — ізет.
Мақал – мәтел

Жетесіз ұл жеті атасын қаздырар.
Мақал – мәтел

Асыл тастан, ақыл - жастан.
Мақал – мәтел

Ақыл азбайды, алтын тозбайды.
Мақал – мәтел

Көп ақымақтың ағасы болғанша, аз ақылдының інісі бол.
Мақал – мәтел

Ақыл — дария, ой — мұхит.
Мақал – мәтел

Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.
Мақал – мәтел

Білім — жұғыс, ақыл — ауыс.
Мақал – мәтел

Кенеуі  жоқ кеудеге — сылдыратып сөз береді, ақылсыз басқа —бадырайтып көз береді.
Мақал – мәтел

0й - ойдан шығады, ойламаса - қайдан шығады.
Мақал – мәтел

Ақылға кішілік жүрмейді.
Нұржан  Наушабаев

Ақылым — атам, білімім — бұрынға бабам.
Би-шешендер

Ақылдан артық хандық жоқ, жомарттан артық барлық жоқ.
Би-шешендер

Ақыл — дария білгенге.
Шортанбай Қанайұлы

Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек.
Шернияз Жарылғасұлы

Ақыл, ажар ажалға не қылады?
Шәңгерей Бөкеев

Ақыл мидан қайнап шыққаны дұрыс.
Шал Құлекеұлы

Ақыл иесі — сөз иесі.
Тоныкөк

Жанжалдың шоғы қызарса - ақылдың суын сеп.
Сайф Сарайи

Ақылды - көптің көңілін аулар, күншіл — жоқты даулар.
Сайф Сарайи

Темір шеге - тасқа кірмейді, ақыл — надан басқа кірмейді.
Сайф Сарайи

Ақиқат жеңер жалғанды.
Міржақып Дулатов

Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді.
Майқы би

Бұлт шықса — бағбан бақшасын ойлайды.
Құтып

Ойлай білген ер — көзсіз батырдан көп артық.
Құтып

Ақыл - білімге бастар жол.
Құтып

Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Әбу Нәсір әл-Фараби

Ақыл-парасат — адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
Әбу Нәсір әл-Фараби

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Әйтеке Байбекұлы

Ақыл деген — дария,
Алдын жапсаң — тоқырар.
Әйтеке Байбекұлы

Ашу- дұшпан, ақыл-дос.
Қазыбек Келдібекұлы

 

Қазақ

Метко сказано: