Ақын-жазушы туралы

Ақын — елдің тұлпары,
Кетпейтін басы кермеден.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Әдебиеттегі шарттылық - қауыз іспеттес: ол - жазушының түрлі ниетін танытудың бір тәсілі.
Сағат Әшімбаев

Шығарма мәйегін түйсіну — жазушы пафосын түсіну деген сөз.
Сағат Әшімбаев

Жүзіктің өзінен де – көзі қымбат,
Ақынның сыйлығынан – сөзі қымбат.
Мұзафар Әлімбаев

Ақынның тында босқанын - айтпа, жырға - қосқанын айт.
Мұзафар Әлімбаев

Ақын таразысы - әділ таразы.
Мұзафар Әлімбаев

Шыншыл қалам шымыр жазады.
Мұзафар Әлімбаев

Маймылдан батыр шықса шығар - бірақ ақын шықпас.
Мұзафар Әлімбаев

Шын жазушының көзі көкірегінде болады.
Шерхан Мұртаза

Болмайды тойдың сәні ақын келмей.
Қара өлең

Шоқан көсем бола алатын еді: ол революциядан алыста тұрғанымен, монархиядан қол үзуге таяп қалған болатын.
Олжас Сүлейменов

Шоқан - өткенде өмір сүрген бүгіннің адамы. Оның өз «бүгіні» - өз арманының балқымайтын құрамдас бөлшектерінен, үмітсіздіктен, өмірге шексіз құштарлық пен пессимизмнен тұратын. Оның ең тамаша реалистік фантазиялары - қалыптасқан жағдай шындығының дөкір етігінің табанының астында қалып, тұншығып өлді. Ол отыз жыл (1835-1865) өмір сүрді. Оның өмірі — қазақ халқының тарихындағы тұтас бір дәуір. Оның бүкіл ғұмыры — символ. Шоқан тағдыры — мұхиттың дәмін танытар тамшы іспеттес.
Олжас Сүлейменов

Ақын - өзінің туған топырағының елшісі. Әлем ақынға қарап, оның туған халқы туралы ой түйеді. Ақын өз халқына адамзат мәдениетінің, бүкіл дүние жүзі мәдениетінің нұрын шашады.
Олжас Сүлейменов

Қазақ

Метко сказано: