Дін, иман туралы

 

Дін, иман туралы


Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?!

Иман - парыз.
Абай Құнанбаев

Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
Абай Құнанбаев

Құдайшылық - жүректе. Қалпыңды таза сақта!
Абай Құнанбаев

Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.
Абай Құнанбаев

Адамды сүй, алланың хикметін сүй.
Абай Құнанбаев

Алланың өзі де - рас, сөзі де - рас.
Абай Құнанбаев

Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.
Абай Құнанбаев

Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,
Қазысы оның - арым мен бір-ақ құдай.
Абай Құнанбаев


Адалды арамға сатқанды құдай құп көрмейді.
Абай Құнанбаев


Сен асыққан екен деп - алла өмірін өзгертпес.
Абай Құнанбаев


О да - құдай пендесі,
Түспей кетер деймісің,
Тәңірінің құрған тезіне!
Абай Құнанбаев


Алла асыраған пенде аш болмайды.
Абай Құнанбаев


Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.
Нұрсұлтан Назарбаев

Мұсылман діні мен христиан діні - Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты.
Нұрсұлтан Назарбаев

Маған рухани күш, яғни адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы мен діни сенім бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Мен адам Құдайға жақын болу үшін оған қарай өмір бойы сапар шегуі керек дегенді жұбаныш етемін.
Нұрсұлтан Назарбаев

Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ, біреудің намаздан басқа ісі жоқ.
Сырым Датұлы

Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас.
Бұқар Қалқаманұлы

Дін мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?
Бұқар Қалқаманұлы

Риза болсаң құдайға, түзелер сонда ісіңіз.
Бұқар Қалқаманұлы

Ілгері басар әр қадам - аллаға аян.
Шәңгерей Бөкеев

Әзірше мұсылманшылық біздің қанымыз бен жанымызға ене қойған жоқ. Оның келешекте халықты бөліп-жарар қаупі бар.
Шоқан Уәлиханов

Құдайдан қорыққан мұсылман - қарауыл қояр сөзіне.
Шортанбай Қанайұлы

Байлықтың алды - иман.
Шортанбай Қанайұлы

Иман-жанның сапасы.
Дулат Бабатайұлы

Имансызға - пейіш жоқ, имандының - көңілі тоқ.
Дулат Бабатайұлы


Ананың хақы - құдайдың қақы.
Тәкәппарлықты тәңірі сүймес.
Қорқыт ата
Сыбырлағанды құдай естімей ме екен.
Мақал - мәтел
Уәде - құдай аты.
Мақал - мәтел
Жұмақ - ананың алақанында.
Мақал - мәтел
Көрші қақы - құдай қақы.
Мақал - мәтел
Ораза-намаз тоқтықта.
Мақал - мәтел
Аллаға жағамын десең - азаның болсын, пендеге жағамын десең қазаның болсын.
Мақал - мәтел
Құдай берейін десе - жұдырыққа тас сынар, қылайын десе - быламыққа тіс сынар.
Мақал - мәтел
Адамның басы - алланың добы.
Мақал - мәтел
Талап - пендеден, қолдау - тәңіріден.
Мақал - мәтел
Аллаңнан» «ойбайым» тыныш.
Мақал - мәтел
Мал аңдыған дін жаман.
Би-шешендер
Құдайдан қорыққан мұсылман - қарауыл қояр сөзіне.
Шортанбай Қанайұлы
Байлықтың алды - иман.
Шортанбай Қанайұлы
Ілгері басар әр қадам - аллаға аян.
Шәңгерей Бөкеев
Тәңірі өзі бермесе - «менмен»-сіп жүрген ер жігіт кісіден тартып ала алмас.
Шалгиіз Тіленшеұлы

Байды құдай атқаны - дәулетіне мас болар, ханды құдай атқаны - қарашасымен хас болар, кәріні құдай атқаны - аңдығаны ас болар.
Шал Құлекеұлы
Нәпсі - бері, иман - қозы.
Шал Құлекеұлы
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі.
Шал Құлекеұлы
Пәлеге - сабыр, қазаға - тәуба.
Шал Құлекеұлы
«Лә иллаһа иллалла» - иманыңыз,
Иманымен бұйырсын жиғаныңыз.
Шал Құлекеұлы
Құдайға құлшылық қыл, аллаға жақ,
Қабірге бірге түспес мал мен бақ.
Тәңірі алдына барғанда бәрі бірдей,
Патша болып мінсең де алтыннан тақ.
Шал Құлекеұлы
Күшің бізге жеткенмен - құдайға жетпейді.
Сайф Сарайи

Мұсылман діні сахараға тек соңғы ғасырларда ғана шындап ене бастады. Қазақ тілінде «ә» қарпі пайда болды.
Олжас Сүлейменов

Бейіт - діни сенім көрінісі. Өлікті жерлеу ғұрпы және оның таңба формуласы бір халықтан екінші халыққа дінмен бірге, яғни әлеуметтік сана арқылы ғана ауысып отырады.
Олжас Сүлейменов

Құдай берейін десе - ақылдының да, ақымақтың да тілегін береді.
Құтып
Дүниеде тек бір құдай ғана мұңсыз.
Жүсіп Баласағұн
Сайтан сүйгенді - құдай сүймейді.
Жүсіп Баласағұн
Көтерген де - тәңірі, ел берген де - тәңірі.
Күлтегін
Әмәнда сауап жаса.
Қожа Ахмет Йассауи


Құран ұстап оңдырмас жалған ғалым.
Қожа Ахмет Йассауи


Тасжүрекке құдай назар салмайды.
Қожа Ахмет Йассауи


Өзі, сезі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам.
Қожа Ахмет Йассауи
Шариғаттың шарты -иман.
Қожа Ахмет Йассауи


Алла дегенге жын-шайтан жоламайды.
Қожа Ахмет Йассауи
Алланың ақ жолынан өзге жолда қайран жоқ.
Қожа Ахмет Йассауи
Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді.
Қожа Ахмет Йассауи
Имансыздың көңіл көнегі ешқашан толмайды.
Қожа Ахмет Йассауи
Алланы таны, құдайдан қорық, ынсапты таңда.
Қожа Ахмет Йассауи
Құдайдан қорыққан ынсапшыл келеді.
Қожа Ахмет Йассауи

Қазақ афоризмдерi
Соңғы оқылған шығармалар
Абайдың қара сөздері I-X(40284)
Абай Құнанбайұлы
Кел, балалар, оқылық(15803)
Ыбырай Алтынсарин
Ата - ананың қадірін (15289)
Шал Құлекеұлы
Ыбырай Алтынсарин (14674)
Қажым Жұмалиев
Абайдың қара сөздері (I сөз )(13447)
Абай Құнанбайұлы
Соңғы оқылған авторлар
Мұқағали Мақатаев (577865)
Абай Құнанбайұлы (459011)
Әбділда Тәжібаев (417536)
Ақұштап Бақтыгереева (320001)
Әбіш Кекілбайұлы (319179)
 

Қазақ

Метко сказано: