Еңбек туралы

 

Еңбек туралы


Баланың мал табары болады, мал шашары болады.
Өзің мал таба алмасаң - балаң мал тапсын.
Абай Құнанбаев

Өзің үшін еңбек қылсаң - өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң - алланың сүйген құлының бірі боласың.
Абай Құнанбаев

Биік мансап - биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.
Абай Құнанбаев

Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбек қылсаң қара жер де құр тастамайды.
Абай Құнанбаев

Қолдан келмес іске ұмтыл - азат басың болсын құл.
Абай Құнанбаев


Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін.
Абай Құнанбаев


Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
Абай Құнанбаев


Адамзатқа тірлік- дәулет.
Абай Құнанбаев


Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл.
Абай Құнанбаев

Еңбек ет, өзіңді, отбасыңды асыра, бала-шағаңның қамын ойла - өзіңе де жақсы, үкіметке де жақсы.
Абай Құнанбаев

Берекені көктен тілеме - еткен еңбектен тіле.
Мұхтар Әуезов

Еңбек шыққан жерден - төзім де шығады.
Күшіңе сенбе - адал ісіңе сен.
Мұхтар Әуезов

Өмір бойы құмырысқадай қыбырлап еңбек еткен адам дүниеге түсініктілікпен қарайды. Осы жолда өз ой-күшін, қуатын сарп етеді де, өмірді өз тағынан құлатпайды.
Ғабит мүсірепов

"Тәуекел ет те, тас жұт - ажалың құдайдан" деген сөз бар.
Ғабит мүсірепов


Ерінбегеннің еңбегі жанар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Үйрену мен жаттығу да - еңбек.
Сағат Әшімбаев


Күш-қуат жанталасып жинамасаң,
Мал-басың -бұрын үміт қылғандікі.
Сәбит Дөнентав


Он күндік істі бір күнге сыйғызу - зорлық,
Бір күндік істі он күнге созу - қорлық.
Мұзафар Әлімбаев


Мал баққанға бітеді.
Мақал - мәтел


Бейнет түбі - зейнет.
Мақал - мәтел


Жігітке еңбек - ар емес.
Би-шешендер


Мінезді болса - жар жақсы,
Еңбекпен тапқан - мал жақсы.
Би-шешендер


Есендікте - малыңды бер де батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе - дұшпанның қолы жете алмас.
Шалгиіз Тіленшеұлы


Қазаққа пайда мынау: малын бақсын,
Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын.
Алдынан - мал, үстінен - үйі кетсе,
Кеуек қардың үстінде қалай жатсын.
Шал Құлекеұлы


Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,
Жарамайды қатты болу тікенектей.
Білімің болсадағы ұшан-теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Шал Құлекеұлы


Табысы жоқтың - танысы жоқ.
Құр тілекпен бек атана алмайсың.
Қиындық көрмей байлық келмейді.
Сайф Сарайи


Ісмер қайда жүрсе де ақша табады.
Сайф Сарайи


Біліп істеген мақсатына тез жетеді.
Сайф Сарайи


Еңбегі жоқ ғалым - балы жоқ ара тәрізді.
Сайф Сарайи


Түйнектен - ағаш өседі, түйір дәннен - қамба толады.
Сайф Сарайи


Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді.
Сайф Сарайи


Бейнет көрмегенге - зейнет те жоқ.
Сайф Сарайи


Кісінің түсіне емес, ісіне қара.
Сайф Сарайи


Көзеге не құйсаң - соны ішесің,
Көшеге не ексең - соны орасың.
Сайф Сарайи


Ағаш көркі - жеміс, адам көркі - жақсы іс.
Сайф Сарайи


Дем алу үшін - алдымен еңбек ету керек.
Құтып
Не ексең - соны орасың.
Жүсіп Баласағұн


Бейнеттен қашпа.
Қожа Ахмет Йассауи


Қызмет еленбей қалмайды.
Қожа Ахмет Йассауи

Қазақ афоризмдерi


Соңғы оқылған шығармалар
Абайдың қара сөздері I-X(40307)
Абай Құнанбайұлы


Кел, балалар, оқылық(15831)
Ыбырай Алтынсарин


Ата - ананың қадірін (15301)
Шал Құлекеұлы

 


Ыбырай Алтынсарин (14692)
Қажым Жұмалиев


Абайдың қара сөздері (I сөз )(13451)
Абай Құнанбайұлы


Соңғы оқылған авторлар
Мұқағали Мақатаев (577937)
Абай Құнанбайұлы (459120)
Әбділда Тәжібаев (417547)
Ақұштап Бақтыгереева (320025)
Әбіш Кекілбайұлы (319194)
 

Қазақ

Метко сказано: