Ер жігіт туралы

 

Ер жігіт туралы


Арғымақтың белгісі - арығанын білдірмес,
Азаматтың белгісі - қайғырса да бүгілмес.
Би-шешендер


Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты - күншіл, қайын жұрты міншіл, нағашы жұрты - сыншыл.
Би-шешендер


Жерден ауыр дегенім - ақыл, білім,
Судан терең дегенім - оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім - фани жалған, адамның өмірі,
Көктен биік дегенім - тәкаппардың көңілі.
Би-шешендер


Ердің құнын - не жастың жайсаңы даулайды, не кәрінің сайтаны даулайды.
Би-шешендер


Бағы жанған жігітке - пәле-жала қонбайды,
Бағы тайған жігіттің - тілегені болмайды.
Би-шешендер


Ер жігітке бақ қонса - дұшпаны да жағалар,
Басынан бір күн бақ тайса - жабылып бәрі табалар.
Би-шешендер


Елінде жақсы жігіттің алыста даңқы зор болар.
Шал Құлекеұлы


Аққу құс - көлдің көркі, ер жігіт - елдің көркі.
Шал Құлекеұлы

Жігіт сыны: бір жігіт бар - құр жан, бір жігіт бар - тірі жан, бір жігіт бар - жігіт жан. Құр жан дейтін жігіт - кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді. Тірі жан дейтін - бар тапқанын киім мен асқа салар, қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар. Жігіт жан дейтін жігіт - сегіз қырлы, бір сырлы болар.
Шал Құлекеұлы

Елге лайық ер болар.
Үмбетей Тілеуұлы
 

Қазақ

Метко сказано: