Қоғам, мемлекет, заман туралы

 

Қоғам, мемлекет, заман туралы
Демократия - оппозиция қызметіне жол ашу ғана емес, мемлекеттіліктің бір түрі, қоғамдық-саяси өмір ахуалының белгілі бір деңгейі.
Нұрсұлтан Назарбаев

Көпұлттылық - қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы.
Нұрсұлтан Назарбаев

Әр халықтың өз болашағын өзі таңдауға - сөзсіз құқы бар. Алайда оны жүзеге асыру - басқа этностардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев

Ата заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз - елтаңба, туымыз бен әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі - Қазақстан мемлекеттілігі қалыптасуының аса маңызды кезендері болды.
Нұрсұлтан Назарбаев

Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек.
Нұрсұлтан Назарбаев

Дүниеде қазақ деген ұлт - біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да - жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып рухани қазынасы да - бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына.
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан жаңа мемлекет ретінде аузын аспанға білеген талай империяның, оның ішінде Оттаман, Австро-Венгрия, Кеңестер Одағы бар, тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.
Нұрсұлтан Назарбаев

Сен үшін шенеуінік шешім қабылдайтын қоғам - кешегі қоғам.
Нұрсұлтан Назарбаев

Ұлт өзінің мемлекетінсіз - ұлт болып өмір сүре алмақ емес.
Нұрсұлтан Назарбаев

Біз кедейлер мемлекеті болып көрдік. Мемлекет, ең алдымен,орта таптың - фермерлердің, «ақ жағалылар» мен «көк жағалылардың» интеллигендияның, ұсақ буржуазияның мүддесін білдіруге тиіс. Кезінде болышевиктердің, осы топтардың бәріне ерекше шүйліккені тегін емес.
Нұрсұлтан Назарбаев

Саясат безбеншісі - ел.
Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы - халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру.
Нұрсұлтан Назарбаев

Мен бір нәрсені нық айтып, берік уәде бере аламын: Қазақстанда адамның еңсесін басатын мемлекет орнамайды.
Нұрсұлтан Назарбаев

Саясаттың негізгі мақсаты - адам, қоғам, ел қамы.
Нұрсұлтан Назарбаев

Мен ағайынды екеумін: біреуі - өзім, екіншісі - халқым.
Сырым Датұлы

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.
Сырым Датұлы

Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.
Ғабит Мүсірепов

Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.
Ғабит Мүсірепов

Көкіректе сайрап тұр, қолды заман байлап тұр.
Әлихан Бөкейханов

Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.
Әлихан Бөкейханов

Бізде қоғамдық қажеттіліктерді білмейтіндіктен және гуманистік теорияларға тым берілгендік салдарынан дәл осы сәтте мүлдем керексіз жаңалықтар мен реформалар кіргізу ете жиі кездеседі.
Шоқан Уәлиханов

Қазақ халқы - ең бір бейбіт халықтардың бірі.
Шоқан Уәлиханов

Қазақтар - жақсылықтың қадірін білетін халық!
Шоқан Уәлиханов

Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.
Дулат Бабатайұлы
Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес.
Махмұд Қашқари
Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.
Асан қайғы

Қай халықтың да ұлылығы санының аз-көптігімен емес, рухани мәдениетінің жалпы адам баласына ортақтығымен, гуманистік және интернационалдық сипатымен өлшенсе керек.
Сағат Әшімбаев

Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі.
Сағат Әшімбаев
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы,
Тыпырлап, тыныш жатпаған істінікі.
Сәбит Дөнентаев
Талас-тартыс жоқ болса - өмір абақтыға айналар еді.
Әлихан Бөкейханов
Жұрт әділ болмай - жұрт ісі оңға баспайды.
Әлихан Бөкейханов
Дүниеде не болса да бірте-бірте аздап ілгері басып болады.
Әлихан Бөкейханов

Қазақ сайлауы - жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады.
Әлихан Бөкейханов

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді.
Әлихан Бөкейханов

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді.
Әлихан Бөкейханов

Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.
Әлихан Бөкейханов

Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.
Әлихан Бөкейханов

Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.
Әлихан Бөкейханов

Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса - сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді.
Әлихан Бөкейханов

Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойған оң болады.
Әлихан Бөкейханов

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.
Әлихан Бөкейханов

Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.
Әлихан Бөкейханов

Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар - қысты күні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді.
Әлихан Бөкейханов
Орыс патшалығының адам болып отырғаны - мұжықтың әділдігі.
Әлихан Бөкейханов
Орыс патшалығының бар адамының күнестік отырғаны - мұжықтың жанкештілігі (жаһитшілдігі).
Әлихан Бөкейханов

Бізде болыс көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп әкелген бұралқы болды.
Әлихан Бөкейханов

Болысқа орысша хат білу - тілмәштарға құл болмау үшін керек.
Әлихан Бөкейханов

Болыс болуға лайықты кісі - халық пайдасын білетін, жөн мен жол көрген, жұрт сөзін тыңдай да, құрметтей де алатын кісі.
Әлихан Бөкейханов

Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.
Әлихан Бөкейханов

Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады.
Әлихан Бөкейханов

Түзу қалам - қисайған, өткір қалам - мүжілген заман.
Әлихан Бөкейханов

Тіршілік-ғұмыр белгісі - алыс-тартыс, арбау-әдіс.
Әлихан Бөкейханов

«Заманың түлкі болса - тазы боп шал» деген де - балапан болмай, әдіс қыл деген ғой.
Әлихан Бөкейханов

Көкіректе сайрап тұр, қолды заман байлап тұр.
Әлихан Бөкейханов
Жер дауы - тәмам бес миллион қазақ дауы.
Әлихан Бөкейханов

Шыңғыс хан дүниені алды - артында түк белгі қалған жоқ. Ақсақ Темір дүниені алмаса да - артында Самарқанд, мешіт, медіреседей белгі қалды. Шыңғыс - көшпелі, Ақсақ Темір - отырықшы.
Әлихан Бөкейханов

Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр.
Әлихан Бөкейханов

Ғұсмания түркі тарихы бойынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы ауа райы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып, өзге шаруаға айналып отыр.
Әлихан Бөкейханов

Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің.
Әлихан Бөкейханов

Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.
Әлихан Бөкейханов

Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сыңды дәрменсіздік.
Әлихан Бөкейханов

Еуропа патшалықтарының түзу деген құр аты болмаса, іс жүзінде -бір-біріне қасқыр. Тарих жүзінде Еуропа Азия жұртының бетіне Шыңғыс хан һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы екі патша қанша жәбір іс қылды деп. Бұлар өз уақытында заманына қарай іс қылғаны рас. Ал осы жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісін кім ақтап ала алады? Бұлардың қайсысы қолынан келсе Шыңғыс хан һәм Темірлан болмайын дейді...
Әлихан Бөкейханов

Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!
Әлихан Бөкейханов

Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік!
Әлихан Бөкейханов

Тірі болсақ - алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар!
Әлихан Бөкейханов

Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк.
Әлихан Бөкейханов

Дүниенің қорлығы - дүмшелердің зорлығы.
Мұзафар Әлімбаев

Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді.
Мұзафар Әлімбаев

Кеңістік пен уақытты,
Жеңген қандай бақытты.
Заман соған соғады,
Даңқ деген тақытты.
Мұзафар Әлімбаев
Орны-орнына кімді қоймас бұл уақыт!
Мұзафар Әлімбаев
Демократия - жүгенсіздік емес,
Бостандық - жүйесіздік емес.
Шерхан Мұртаза
Заман түзелгенде - ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды. Сонда көзедей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады.
Шерхан Мұртаза

Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі тандағы басты мақсат қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде оңдай қулық өтпейді.
Шерхан Мұртаза

Біздің әкімдеріміздің әрекеті көбінесе «Потемкин атаның қулығына» ұқсап кетеді. Олар басшыларды қиыр қонып, шет жайлап жатқан ауылдарға апармайды.
Шерхан Мұртаза

Әлі күнге дейін кешегі империя етігінің темір өкшесін аңсайтындар бар.
Шерхан Мұртаза

«Желтоқсан» - тек Колбинге ғана қарсылық емес. Бұл - империялық қорлыққа, зорлыққа қарсылық. «Мен - қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмай, тілі байланып, аузы буылған азапқа қарсылық.
Шерхан Мұртаза

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.
Шерхан Мұртаза
Армансыз қоғам - үміті үзілмеген қоғам.
Шерхан Мұртаза
Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.
Шерхан Мұртаза
Заманың түлкі болса - тазы боп шал.
Мақал - мәтел
Уақыт - көшкен керуен.
Мақал - мәтел
Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.
Мақал - мәтел
Заманы бірдің - амалы бір.
Мақал - мәтел
Заманына қарай - заңы, тоғайына қарай - аңы.
Мақал - мәтел
Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті.
Міржақып Дулатов
Заманның көз сал халіне.
Халқыңның ойла пайдасын,
Өзің үшін налыма...
Басыңды тік бәйгеге,
Бір халқыңның қамына...
Қиянаттан бой тартып,
Шық әділет жағына.
Міржақып Дулатов
Салт-сананың негізі - елдің қолданған кәсібінде.
Міржақып Дулатов
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын сонда қайда едің?
Міржақып Дулатов
Заманың түлкі болса - бүркіт боп шал.
Әйтеке Байбекұлы
Халық бүлінсе - саясат түзейді.
Жүсіп Баласағұн
Халық тарықса - үкімет жұтайды.
Жүсіп Баласағұн
Заман азар уағында - патша айналар залымға.
Қожа Ахмет Йассауи
Халықтан мейірім кетті,
Момынға телі-тентек тақымы өтті,
Талтүсте талапайда ақым кетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!
Қожа Ахмет Йассауи
Үлкен-кіші адамнан иба кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!
Қожа Ахмет Йассауи
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?!
Қожа Ахмет Йассауи
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Өтірікке шындықтың қайраны жоқ,
Шындық айттым осылай шырқыраған,
Құл Қожа-Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
Қожа Ахмет Йассауи
 

Қазақ

Метко сказано: