Надандық, ақымақтық туралы

 

Надандық, ақымақтық туралы
Надандықтың белгісі - тілін алмау білгеннің.
Асан қайғы

Орынсыз жерде күлу - ақылсыздықтың белгісі.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Арзымасқа еліріп, бос күлкіге салынып.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Кедей - тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас - атымды шығарамын деп, надан ақсақал - кек аламын деп ұрлық жасайды.
Әлихан Бөкейханов

Надандар ойын сөзді - кек көреді.
Қара өлең

Ер жігітке о да өлім - серттен таймақ.
Ит білер сыйлағанды, надан білмес.
Шәді Жәңгірұлы

Қалтасында пұлы жоқ - өзін өзі би сайлайды.
Би-шешендер

Надандықтың белгісі - өзін-өзі мақтайды
Көкірегі соқырға - өмірде таң атпайды.
Шешеннің сөзі шын алмас - қап түбінде жетпейді.
Би-шешендер

Пышағым майлы болса - елімнің тоқтығы болар,
Ақымақ деп атаңды сөксең - ақылыңның жоқтығы болар.
Би-шешендер

Ақымақтың көңілі тоқ.
Би-шешендер

Ақылсыздың - сүйгені жаман,
Ақымақтың - түйгені жаман.
Би-шешендер

Қарап жатқан жыланның құйрығын неге басасың?
Үмбетей Тілеуұлы

Баласын мақтар - хоштаған, әйелін жақтар - қостаған.
Үмбетей Тілеуұлы

Ұқпасқа айтқан - сөз жетім, көрмеске берген - бөз жетім.
Төле би Әлібекұлы

Ақымақ жігіт белгісі - аз күнгі баққа алқынар.
Сүйінбай Аронұлы

Ақымақты мақтасаң - қуанар.
Сайф Сарайи

Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.
Сайф Сарайи

Надандар білімді адамды көре алмайды.
Сайф Сарайи

Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды.
Сайф Сарайи
 

Қазақ

Метко сказано: