Сақтық туралы

 

Сақтық туралы
Көсеу ұзын болса - қол күймес.
Махмұд Қашқари

Ит - қаппас деме, ат - теппес деме.
Махмұд Қашқари

Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов

Үй оңаша демегін, үй сыртында адам бар.
Мақал - мәтел

Күле кіріп, күңіреніп шыққаннан сақтасын.
Мақал - мәтел

Жығылып жатып, сүрінгенге күлгеннен сақтасын.
Мақал - мәтел

Көсеуің ұзын болса, қолың күймейді.
Мақал - мәтел

Ауызы күйген - үріп ішеді.
Мақал - мәтел

Сақтықта - қорлық жоқ.
Мақал - мәтел

Сақтағанын берсе - сақтағаны келеді.
Мақал - мәтел

Иесі жардай, аты арық - түз жұтынан сақтасын, әйелі жардай, ер арық - үй жұтынан сақтасын.
Мақал - мәтел

Жапалақ жалп етеді жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып қас болғаннан сақта құдай,
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.
Қара өлең

Үйіңнің мал өтпейді шарбағынан,
Шебердің бал тамады бармағынан.
Бүгін құмар қанбаса ертең қанар,
Ажалдың сақта құдай қармағынан.
Қара өлең

Маңдайы - тайқыдан, көкірегі - қайқыдан, еріні - түріктен, аузы - бүріктен, көзі - көктен, сылтауы - көптен сақтасын.
Төле би Әлібекұлы

Аларды біліп, бермегеннен без,
Ел-жұрты соңына ермегеннен без,
Үйіне қонақ қонбағаннан без,
Көптің айтқанына көнбегеннен без.
Төле би Әлібекұлы

Тұсау - ат сақтайды, ат - ер сақтайды, ер - жер сақтайды.
Төле би Әлібекұлы

Аңғарғыш аңшы ауын алыстан тастайды.
Құтып

Ханмен қоңсы отырма, таситын судың бойына қонба, қамалға таяп барма!
Жүсіп Баласағұн

Тәуба қылмай, сауда қылғаннан сақтағай.
Қожа Ахмет Йассауи

Көңілі көзсіз кәззаптардан сақтасын.
Қожа Ахмет Йассауи
 

Қазақ

Метко сказано: