Тіл туралы

 

Тіл туралы
Тіл өнері дертпен тең.
Абай Құнанбаев
Нәпсінің қу мінезін - тіл де үйренеді.
Абай Құнанбаев
Тарих пен тіл - тамырлас.
Нұрсұлтан Назарбаев

Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамызды бөліп атар едім. Оның біріншісі, әрине, - ата-бабаларымыз өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз - сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі.
Нұрсұлтан Назарбаев

«Өз тілімізбен өмір сүрейік!» - бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!».
Нұрсұлтан Назарбаев

Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі - тіл.
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.
Нұрсұлтан Назарбаев

Тілдің бояуы бозарып, қыры сынбауы керек.
Ғабит Мүсірепов

Біздегі ең үлкен трагедия - басшыларымыз әдебиетімізді ана тілінде оқи алмайды. Орысша оқиды, орысшасы арқылы бағалайды.
Ғабит Мүсірепов

Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар.
Ғабит Мүсірепов

Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағында танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.
Ғабит Мүсірепов

Тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеудің біріне көңіл аудармау - үлкен қылмыс. Этика, эстетика дегендердің тым нәзік сырларын әр халық өз тілінде ғана еркін түсінсе керек.
Ғабит Мүсірепов

Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, Со ақылды айта алар тіл жоқ.
Ғабит Мүсірепов
Жаман тіл - мәдениетсіздіктің белгісі, елмен байланыс үзілуі.
Ғабит Мүсірепов

Тіл- салақ сөйлегеннен бұзылады.
Ғабит Мүсірепов

Ерге дәулет бітпесе, шүлдірлеген қызыл тілден не пайда?!
Бұқар Қалқаманұлы

Анық түрік затты халық тілі - біздің қазақ тілі.
Әлихан Бөкейханов

Ғұмыр бәйгесіңде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар!
Әлихан Бөкейханов

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.
Шоқан Уәлиханов

Қазақ тілінің арғы атасы - көне түркі тілі.
Шоқан Уәлиханов

Әдептің басы - тіл.
Махмұд Қашқари
Тіл - өткір найза.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Ғұмыр бәйгесіңде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар!
Әлихан Бөкейханов

Сипат: тілі - бұлбұл, аяғы - дүлділ.
Мұхтар Әуезов

Ана тіліміздің мәртебесін көтеру - басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес.
Шерхан Мұртаза

«Өзің өлме - өзгені де өлтірме» деген сөз. Зорлықпен тұншықтырылған қазақ тілін тірілту әрекеті. Осы да ұлтшылдық па? Жоқ, әлде әлдекімдердің көңіліне қарап өле беру керек пе?
Шерхан Мұртаза

Өнер алды - қызыл тіл.
Мақал - мәтел
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Мақал - мәтел
Теңеу: қоңыздай күңіренген қайран тіл.
Шәңгерей Бөкеев
Еріккенде қызыл тілін тыймаған бір пәлеге жолығар.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Тіл - жазғыштардың тәлкегінен аман қалған тарихи ақпараттың ең бай резервуары.
Олжас Сүлейменов
Әдеби шығарманың мазмұны қоғамдық санадан нәр альш, тіл арқылы жүзеге асады.
Олжас Сүлейменов
Тілдер туыстығы - мәдени туыстық.
Олжас Сүлейменов
Басқа пәле - тілден.
Жиренше шешен
Тіл - елшінің қылышы.
Жүсіп Баласағұн
Тіл - қылыштан да өткір.
Жүсіп Баласағұн
 

Қазақ

Метко сказано: