Төрт түлік мал туралы

 

Төрт түлік мал туралы
Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?!
Бұқар Қалқаманұлы

Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі.
Әлихан Бөкейханов

Мал тұяғы - қазына.
Әлихан Бөкейханов

Зекетсіз мал айдама.
Шортанбай Қанайұлы

Төрден орын тимейді - патша болса да малы азға.
Шортанбай Қанайұлы

Мал - дүниенің опасы.
Дулат Бабатайұлы
Ақ тұйғын келіп ілігер - алдын жайып торласа,
Арғымақ ат жығылар - алдын қазып орласа.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Түйе - көштің көркі, жылқы - жетекші, қой - береке.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі.
Әлихан Бөкейханов

Қазақ жері - мал кіндігі: мұнда бұрын-сонды қай жұрт жүрсе де мал баққан.
Әлихан Бөкейханов

Мал һәм егін шаруасымен айналысу отырған-көшкенге байланысты емес, жеріне, жерінің ауа райына қарай айқындалады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа өзгертіледі.
Әлихан Бөкейханов

Біздің қазақ сиыры осы қазақ жерін жайлағанға ғылым жолында сегіз мың жыл болған.
Әлихан Бөкейханов

Профессор Кулешовтың жазғанына қарасақ, қазақтың қойының етіндей жер үстінде ет жоқ.
Әлихан Бөкейханов

Мұжық егінші болғанда, қазақ жақсы малшы болса - бірінен-бірі керектерін алып тұратын жақсы көрші болады.
Әлихан Бөкейханов

Қазақтың жылқысындай көнбіс жылқы жер бетінде жоқ, казақтың қозысының етіндей тәтті ет те жер бетінде жоқ.
Әлихан Бөкейханов

Ат - ердің қанаты.
Мақал - мәтел
Жөн білетін өгізге «өк» дегеннің өзі артық.
Мақал - мәтел
Ауыл көркі - мал, өзен көркі - тал.
Мақал - мәтел
Оттың жайын - жаққан білер, малдың жайын - баққан білер.
Мақал - мәтел
Сойып жесең - бір күндік, сауып ішсең - мың күндік.
Мақал - мәтел
Малды қыста - құмға, жазда - шымға айда.
Мақал - мәтел
Кесімді малға өлім бар.
Мақал - мәтел
Түзде бұзауы жамырағанның - үйде айраны төгілер.
Мақал - мәтел
Үш бие - бұлақ басы, екі бие - елдің асы, бір бие - жоқтың қасы.
Мақал - мәтел
Жақсы ат алдынан емес, артынан сүрінеді.
Мақал - мәтел
Жылқы - құлыннан өсер, теңге - тиыннан өсер.
Мақал - мәтел
Атының сыры иесіне мәлім.
Мақал - мәтел
Атты күнде мінсең - тулақ, аптады мінсең - қунақ, жылына мінсең тұлпар.
Мақал - мәтел
Нар баласын қарпып сүйеді.
Мақал - мәтел
Қойшы көп болса - қой арам өледі.
Мақал - мәтел
Түйені жел шайқаса - ешкіні көктен көр.
Мақал - мәтел
Қой шелді болмай - төлді болмайды.
Мақал - мәтел
Мал өсірсең - қой өсір.
Мақал - мәтел
Бұрын шыққан құлақтан - кейін шыққан мүйіз озады.
Мақал - мәтел
Қасапшыға - мал қайғы, қара ешкіге - жан қайғы.
Мақал - мәтел
Нары бардың - малы бар.
Мақал - мәтел
Жортар аттың тоғы игі.
Мақал - мәтел
Ат күйгелек болса - арық болар, ер күйгелек болса - ғаріп болар.
Мақал - мәтел
Ат қадірін - жоқ білмес, ас қадірін - тоқ білмес.
Мақал - мәтел
Сиыр су ішсе - бұзау мұз жалайды.
Мақал - мәтел
Есектің еті -арам, күші - адал.
Мақал - мәтел
Қой сүті - қорғасын.
Мақал - мәтел
Семіздікті қой ғана көтереді.
Мақал - мәтел
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Мақал - мәтел
Ақсақ қой жатып семіреді.
Мақал - мәтел
Құдай сүзеген сиырға мүйіз бермейді.
Мақал - мәтел
Басы аманның - малы түгел.
Мақал - мәтел
Ала қойды бөле қырыққан - жүнге жарымас.
Мақал - мәтел
Тай - атқа жеткізер, ат - мұратқа жеткізер.
Мақал - мәтел
Еттің бәрі - қозы емес, иттің бәрі - тазы емес.
Мақал - мәтел
Алпыс күн атан болғанша, бір күн бура болғанға нежетсін.
Мақал - мәтел
Жығылсаң жылқы - жалын төсейді, сиыр - мүйізін төсейді
Мақал - мәтел
Соңғы түйенің жүгі ауыр.
Мақал - мәтел
Малдың аузы оттамайды, аяғы оттайды.
Мақал - мәтел
Бас екеу болмай - мал екеу болмас.
Мақал - мәтел
Түйе даулап - лақ ал, лақ ал да - тына қал.
Мақал - мәтел
Ордалы құлан ақсағын білдіртпес.
Мақал - мәтел
Малымды алса да, қонағымды алмасын.
Мақал - мәтел
Құтты қонақ келсе - қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабады.
Мақал - мәтел
Түйенің танығаны - жапырағы.
Мақал - мәтел
Алыстан шабынған бураның күші тез қайтады.
Мақал - мәтел
Мал ашуы - жан ашуы.
Мақал - мәтел
Ойнақтап жаман сиыр - жылқы болмас.
Қара өлең
Алпыс күн атан болғанша - алты күн бура бол.
Би-шешендер
Арбадан үркер жаман ат - сауырына жал бітсе,
Қайыры болмас ғаріпке - ақылсызға мал бітсе,
Қасына қоңсы қондырмас - қас жаманға әл бітсе.
Би-шешендер

Ешкімнің іші толған лақ еді, саусам -сүті бұлақ еді, қап-қап құрты бар еді, қарын-қарын майы бар еді, сойсам - терісі бұтыма қап еді, мүйізі - пышағыма сап еді, қатыным қандай көретін еді - айыр емес, нардай көретін еді.
Би-шешендер

Сүріншек жылқы - жол таппас, еріншек жігіт- мал таппас.
Би-шешендер
Зекетсіз мал айдама.
Шортанбай Қанайұлы
Өлімге де - мал керек, батырға да - жан керек.
Шортанбай Қанайұлы
Қайыры жоқ ас сақтап, дәмді харам шайнама.
Шортанбай Қанайұлы
Жылқының құты - айғыр-ды, бұқаның құты - бура ғой.
Шортанбай Қанайұлы
Төрден орын тимейді - патша болса да малы азға.
Шортанбай Қанайұлы
Шабан ат жаман аттан азбас, тегі.
Шал Құлекеұлы
Ат қасқасы ай болмас.
Махмұд Қашқари
Малы көптің - қайғысы да көп.
Құтып
Нағыз тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілдіріп, әсерлі қайырып кісінейді.
Әйтеке Байбекұлы
Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.
Жанақ Сағындықұлы
Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы.
Жиренше шешен
 

Қазақ

Метко сказано: