«Дипломмен ауылға» аттанатын БҚО жастары 155,7 млн. теңге көтерме жәрдемақы алады

Батыс Қазақстан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес биыл 519 жас маман ауылдарға аттанбақ.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серік Молдағалиевтің айтуынша, оларға 155,7 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 311-іне жеңілдетілген несие арқылы баспана алуға 864,7 млн. теңге бөлініп отыр.

Өткен жылы облыста аталмыш бағдарлама бойынша 528 жас ауылдарға барған еді.

Сонымен қатар «Жастар тәжірибесімен» 2014 жылы 1115 жас қамтылмақ. 2013 жылы бұл жоба бойынша 2358 жас, соның ішінде 1562 ауыл тұрғыны жұмысқа орналастырылған болатын. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес өткен жылы 2916 жас маман еңбек орнын тапса, 92-сі жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. 2013 жылдың басында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құраса, биыл ол 4,5 пайызға дейін төмендеді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз