Дәріхана меңгерушісі 7 жылға сотталды

Орал қалалық соты ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлігі «б» тармағы бойынша айыпталған Алма Молдағалиеваға қатысты үкім шығарды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Талап» АҚ-ға қарасты №17 дәріхана меңгерушісі болған ол қызмет бабын пайдаланып, ауыр қылмыс жасаған. 2004 жылы аталмыш қызметке кіріскен дәріхана меңгерушісі 2011 жылдың 17 ақпаны мен 2012 жылдың 2 қарашасы аралығында 16,527 млн. астам тауар-материалдық қорын (дәрі-дәрмек және басқа тауар) қолды қылған. Сондай-ақ кассадан 1,750 млн. астам теңгені және жымқырған. Сондай-ақ «Талап» АҚ бухгалтериясына жалған деректер енгізу арқылы ай сайын жалған есеп беріп отырған.

Сот үкімімен А.Молдағалиева мүлкін тәркілеумен бірге жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеуге 7 жылға сотталды, ол сонымен қатар 4 жыл материалдық-жауапкершілікті қажет ететін лауазымдық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Кепіл түрінде бостандықта жүрген А.Молдағалиева сот залында тұтқындалды.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз