Ел дамуының басты факторы Қазақстан халқының бірлігінде

Ел дамуының басты факторы Қазақстан халқының бірлігінде. Бұл туралы  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жұмысын бастаған «Мемлекеттік этносаясат: «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыру аясындағы міндеттер, әдістеме, технологиялар» тақырыбындағы үш күндік аймақтық семинар-тренингте мәлім етілді.

Аталмыш шараны ҚР Прези­ден­­ті жанындағы Мем­лекеттік басқару акаде­миясының Орталық Азия өңі­ріндегі этносаралық және кон­фес­сияаралық қатынастарды зерттеу орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйым­дастырды. Оның жұмы­сына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қа­зақстан және Маңғыстау облысарының этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәсе­лесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, ҚХА ғылыми-сарапшылық топтары, мәслихат депутаттары, ЖОО, БАҚ өкілдері, этномәдени және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысуда.

Семинарды ҚР Президенті жа­нындағы Мемлекеттік басқару ака­демиясы Орталық Азия өңі­рін­­дегі этносаралық және кон­фес­сияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, ҚХА ғылыми-сарапшы

тобының төрайымы, әлеуметта­ну ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова ашып, бұл жиынның Елбасы Н.Назарбаевтың Қа­зақстан халқына арнаған 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қа­зақ­­стан-2050» стратегиясы - қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» Жолдауы аясында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білім-біліктілік деңгейін арттыру мақса­тында ұйымдастырылып отырға­нын атап көрсетті.

БҚО әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен еліміздің одан әрі өркен­де­уі үшін қоғамдық келісім мен тұ­рақтылықты сақтаудың маңызды­лығына тоқталды. Бұл ортақ істе мемлекет қана емес, этномә­де­ни ұйымдардың, азаматтық қо­ғам­ның, саяси партиялардың бас­шылары мен әрбір азаматтың жауапкершілігі болуы тиістігін атап өтті. БҚО-да 90-ға ұлт пен ұлыстардың өкілдері та­ту-тәтті тұрады. Облыстық ассам­блеяның құрамында 116 адам, этномәдени және діни бірлестік­терінің басшылары, мәслихат де­путаттары, мемлекеттік органдар, оқу орындарының, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер бар. 17 адам - Қазақстан халқы Ассамблеясы­ның мүшесі. Облыста 33 этно-мә­дени бірлестік жұмыс істейді. Бұл орталықтар облысты мекендей­тін ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттауда үлкен іс тындыруда.

Бұдан кейін А.Сәдуақасова «ҚХА ХХІ сессиясының қорытындылары: мемлекеттік этносаясаттың жетістіктері және жаңа міндеттері» тақырыбында баяндама жа­сады. Шара аясында «Қазақ­стан - 2050» стратегиясы аясын­да мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудағы өкілді ор­ган­дардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырыл­ды. Сондай-ақ облыстық ҚХА ғы­лыми-сарапшылық тобының отырысы өткізіліп, ҚХА ХХІ сес­сия­сының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды жүзеге асыруды ғылыми-практикалық сүйемелдеу мәселелері жан-жақ­ты талқыланды.

Семинар жұмысы 30 сәуірде қорытындыланып, қатысушы­лар­ға сертификаттар табыс етілмек.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз