Елде болу ережесін бұзған шетелдік азамат жеті тәулікке қамалды

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқықбұзушылық жасаған А.Теміровке қатысты іс қаралды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласы бойынша жедел іздестіру шараларын өткізу барысында көші-қон карточкасына сәйкес, Орал қаласы Вагонник көшесі, 353 үй мекенжайы бойынша тіркелген, алайда Щорс көшесі, 12 үйде тұрып жатқан Өзбекстан азаматы А.Теміровтің Қазақстан Республикасы аумағында болу ережесін бұзғаны анықталды.

Соттың Қаулысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 394-бабының 3-бөлігімен А.Теміров кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 7 тәулікке қамауға алу жазасы белгіленді.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз