Елімізде дизель отыны қымбаттайды

Осы айдан бастап елімізде дизель отыны қымбаттайды, деп жазады КТК.Жанармайдың нақты қанша теңге болатыны әзірге белгісіз. Дегенмен кемі 10-15 пайыз деген болжам бар. Ал бағаны көтеруге монополияға қарсы агенттік рұқсатын беріп қойған.

Дизель отынына бағаның тұрақсыздығы әсіресе шаруалардың қалтасын қаққалы тұр. Өйткені, бірер аптада егін егу науқаны басталғалы жатыр. Жалпы көктем мен күзде дәл осы солярка бағасының құбылуы қашаннан әдетке айналған. Оның үстіне биыл тура науқан алдында сол қымбаттағалы жатқан дизельдің тапшылығы айтылуда. Жетіспеушілік тіпті кей аймақтарда сезіле бастаған. Ішкі сұранысты қамтуға отандық зауыттардың шамасы жетпей жатқанға ұқсайды. 

«Біздің агенттікте дизель отынының бағасын есептейтін жаңа формула мақұлданды. Сондықтан мамырдан бастап, тек дизель бағасы қымбаттайды. Бағаның қаншалықты көтерілетінін нақты айта алмаймын. Шешім таяу күндері шығады», - дейді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз