Елімізде екі адамның ажалы судан болды

Батыс Қазақстан облысының Жаңғала ауданы Мәстексай ауылында Қараөзен өзенінен балық аулау кезінде кеше таңғы сағат 08.50 кезінде 1969 жылы туған ер адам батып кетті. Оның мәйіті сағат 16.00 кезінде табылып, судан жергілікті тұрғындар шығарды.

 Сондай-ақ Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында Қ.Сәтпаев атындағы каналға кеше сағат 18.30  кезінде суға түскен  1998 жылы туған азамат  батып кетті. Оның мәйіті судан сағат  20.50 кезінде табылып, ҚР ТЖМ Қарағанды облысының ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен шығарылды (4 адам мен 1 техника).

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз