ЭСТАФЕТА АЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы аясында Қособа ауылының әкімі М.Ахметқалиев ауыл халқының тыныс-тіршілігін насихаттау мегажобасы шеңберінде эстафетаны Қособа ауылына табыстағалы келген Жосалы ауылының делегациясын қабылдады.

Алдымен делегация құрамы ауыл ішіндегі әлеуметтік нысандарды аралап, хал-ахуалымен танысты. Кейін жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешенінде бас қосқан дөңгелек үстелде бірінен-бірі шалғай орналасқан округ делегациялары қос округтің экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштері жайлы әңгімеледі. Түстен кейін «Ауылым – алтын бесігім» концерттік бағдарламаларын тарту етті. Жосалылық өнерпаздардың өнерлеріне сүйсінбеуге болмады. Әсем әндер мен түрлі билер тыңдаушылар жүрегін бірден баурап алды. Қазақтың «Қара жорғасын» мың бұрала билеген балғындарға  шапалақ соғудан халық аянбады.

Сәні мен салтанаты жарасқан кеш соңында Қособа ауылының әкімі М.Ахметқалиев өнерлерімен өрге жүзген жосалылық өнерпаздарға алғысын білдіріп, аталмыш округтің әкімі Қ.Ғабдешовке алғыс хат пен естелік сыйлығын ұсынды.  Татулық пен достық кешенінің куәсі іспеттес мегажоба эстафетасы қос округ арасындағы өзара тиімді байланысты одан әрі нығайтып, байланыстарын бекіте түсері сөзсіз.

 
www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз