Еуразиялық интеграция кәсіпкерлердің тынысын ашады - сарапшы Э.Өтешева

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұдан жиырма жыл бұрын айтқан Еуразиялық одақ құру идеясы бүгінде жүзеге асып келеді. Мемлекет басшысының осы тақырыпқа қайта оралып, кеше М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқуы алдымызға жаңа мақсат-міндеттер белгілеп берді. Бұл туралы БҚО Кәсіпкерлер палатасы салықтық және кедендік реттеу бөлімінің сарапшысы Эльмира Өтешева мәлім етті.

«Біз интеграцияның үш сатысынан өтіп келеміз. Біріншісі - Кеден одағы, екіншісі - Біртұтас экономикалық кеңістік, үшіншісі - Еуразиялық экономикалық одақ. Мен кеден саласының маманы болғандықтан, Еуразиялық экономикалық одақ байланыстың жаңа деңгейіне жеткізеді деп ойлаймын. Одақ тауар, қызмет, қаржы және жұмысшы күші қозғалысындағы шектеуді алып тастайды. Келісімшартқа қол қойылған жағдайда бұдан Қазақстан ұтады. Орталық Азия елдерінен бірінші болып Ресей мен Беларусьтің көлік инфрақұрылымына жеңілдікпен кіреді, одан батыста - Еуроодақ, шығыста - Жапония мен басқа елдер нарығына жол ашылады. Ресейдің өндірісі жан-жақты дамыған алып ел екені өзінен-өзі белгілі. Сол секілді шаруашылықтары әлі күнге дейін сақталған Беларусьтен ет, сүт өнімдерін өндіру жөнінен көп нәрсе үйренуге болады, - деді Э.Өтешева.

«Ең бастысы, Еуразиялық интеграция кәсіпкерліктің тынысын ашады. Соның ішінде қазақстандық кәсіпкерлер де одақ елдерінде өз істерін дамытуға мүмкіндік алады», - деп сөзін түйіндеді сарапшы.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз