Еуразиялық одақ аясында Беларусь елімен де байланыс нығаяды - А.Смирнов, БҚО

"Еуразиялық одақ аясында Беларусь елімен де байланыс нығаяды". «Орал механикалық зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары Анатолий Смирнов осылай деді.

Оның айтуынша, осы бағытта «Орал механикалық зауыты» ЖШС белсендірек жұмыс жасамақшы. Мысалы, «МТЗ», «Беларусь» тракторлары Минск мотор зауытының қозғалтқыштарымен жұмыс істей­ді. Бүгінде бұл техникалардың түрлі модификациялары бар. Міне, Орал механикалық зауыты - соған иінді біліктер шығаратын Қазақстандағы бірден­-бір кәсіпорын. Сондай­-ақ аталған бөлшек автобустар мен өзге де техникаларға лайықталып зауыт конвейерінен әр қиырға жол тар­тады. Иінді біліктің 80 пайызға жуығы Беларусь пен Ресейге экспортталады. Кедендік одақ шеңберінде оның көлемі жыл­дан­-жылға ұлғайып келеді. Нақты деректерге қарағанда, өткен жыл­дың қорытындысы бойынша оралдық өнімнің 91 пайызы экспортқа жөнелтілді.

«Тәуелсіздіктің алғашқы он жылымен салыс­тырғанда, қазір зауытта өнім көлемі бес есе ұлғайды. Осының бәрі ықпалдастық пен кедендік ресімдерді оңтайландырудың жемісі мен нәтижесі деуге болады», - деп түйіндеді ойын А.Смирнов.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз