Футбол: «Ақжайық» көш бастаушы команданың бірімен тең ойнады

Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының кезекті туры Шымкентте жергілікті «Қыран» мен Оралдың «Ақжайығы» ойынымен басталды.

Қазіргі кезде «Қыран» «Каспийден» кейін екінші орында келе жатса, премьер-лигаға қайта оралуды мақсат тұтқан «Ақжайық» жуан ортадан шыға алар емес. Сондықтан жуырда «Ақжайықтың» жағдайын жақсарту үшін команда тізгінін бас бапкер Сергей Волгин ұстап, біраз ойыншылар жаңартылған болатын. Осы тактика өз жемісін бергендей. «Ақжайыққа» жаңа келгендердің бірі, словениялық Борут Семлер аталмыш ойында есеп ашты. Көп ұзамай Мұрат Оңал есепті теңестіргенімен, Б.Семлер командасын қайта алға шығарды. Дегенмен ойын соңында қосымша қосылған төртінші минутта Бекзат Жақсыбайұлы соққан доп алаң иелерін ұтылыстан сақтап қалды.

Турнир кестесінде тоғызыншы орында тұрған «Ақжайық» келесі кездесуін 5 шілдеде ЦСКА командасымен өткізеді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз