Ғаламторға діни дүрдараздыққа үндейтін мәліметтер салған күдікті құрықталды - БҚО

ҚР ҚК 164-бабының 1-бөлімімен қарастырылған қылмыс белгілері (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру) бойынша Орал қаласының И. есімді тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот сараптамасының қорытындысына сәйкес аталған тұлғаның ғаламторға салған аудиодәрістері әлеуметтік және діни араздықты қоздыруға бағытталғандығы анықталды. Осыған байланысты И. күдікті ретінде ұсталды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

http://www.kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз