Ғарыштан Жердің «егізі» табылды

Австралиядағы Оңтүстік Уэльс университетінің зерттеушілер тобы Жерге өте ұқсас планета тапты, деп жазады шетелдік БАҚ.

Глизе 832c деп аталған жаңа ғаламшар Жерге өте жақын орналасқан: небары 16 жарық жылы қашықтықта орналасқан.

Глизе 832 c-ті қалаған адам қарапайым телескоптың көмегімен көре алады. Оның салмағы жердің салмағынан 5 есе ауыр екен.

Ғалымдар бұл планета жұлдыздардан Жер Күннен қанша қуат алса, дәл сонша энергия алады деп болжап отыр. Бұл факт ол жерде тіршілік көзі болуы мүмкін деген болжамға негіз болады.

- Егер 832c-те атмосфера бар болса, есеп бойынша оның тығыздығы Жердікінен жоғары болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, ол Шолпанға көбірек ұқсап кетеді, - дейді зерттеушілер.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз