Газ баллоны жарылып, тұрғын үй отқа оранды

Ақжайық ауданындағы Алғабас ауылдық округінің Қарағай бөлімшесінде зейнеткердің тұрғын үйі мен қора-қопсысы отқа оранды.

Баспананың 3 бөлмесі, кіре берісі, жапсаржайы, сонымен бірге қора-жайы, пішен ауласындағы 20 тонна шамасындай шөбі, жазғы ас үйі түгел жойылды. «Тілсіз жау» 302 шаршы метрді қамтыған.

Ақжайық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Қайрат Таңжарықовтың хабарлауынша, өрттің шығуына газ плитасының баллонын ауыстыру кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы себеп болған.

www.zhaikpress.kz, Болат ҚОСЖАНҰЛЫ
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз