Геннадий Головкин қарсыласын нокаутқа жiберді (ВИДЕО)

Бокстан орта салмақ дәрежесінде WBA (Super) мен IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин австралиялық боксшы Дэниэл Гилді 3-раундта сұлатып салды.

33 жастағы Дэниэл Гилге қарсы кездесу 27 шілдеде Нью-Иорктегі 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында өттi. Жекпе-жек HBO телеарнасы арқылы 100-ден астам елiнде көрсетiлдi. Бұл Геннадийдің кәсіпқой бокстағы 30-шы кездесуі. Ал WBA чемпионы титулын 11-ші рет қорғады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 30 кездесудің 27-сiн нокаутпен жеңді. Бұның алдында хабарлағанымыздай, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қазан немесе қараша айына өткiзудi жоспарлауда.

"Гил өте тамаша боксшы. Осы жекпе-жек үшiн оған ризашылығымды бiлдiремiн. Болашақта мен осы салмақта барлық чемпиондық белдiктердi жеңiп алсам деймiн. Келешекте Мигель Коттомен жұдырықтасқым келедi. Егер ең мықты шоу жасап, керемет жекпе-жек ұйымдастырғыларыңыз келсе, менiң промоутерiме қоңырау шалыңыздар. Мен әрқашанда дайынмын", - дедi Головкин кездесу соңында.

ҚазАқпарат
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз