Индустрияландыру картасы аясында БҚО-да биыл 4,2 млрд. теңгеге қос жоба жүзеге асырылмақ

Батыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасы аясында биыл 4,2 млрд. теңгеге қос жоба жүзеге асырылмақ.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аслан Жақыповтың айтуынша, соның нәтижесінде 360 жұмыс орны ашылмақ. Атап айтқанда, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС кернеуі 6-10 кВ күштік трансформаторлар өндірмекші (жоба құны 3,1 млрд. теңге, 300 жұмыс орны). «Квант» ЖШС құны 1,1 млрд. теңгеге бағаланған (60 жұмыс орны) жиһаз фабрикасын ашпақ.

Алдағы жылы 30,4 млрд. теңгеге (68 жұмыс орны) екі жобаны іске қосу көзделуде. «Western MunaiGas LTD» ЖШС жылына 200 мың тонна өнім өндіретін мұнай өңдеу зауытын (900 млн. теңге, 40 жұмыс орны) салмақшы. Сондай-ақ «Конденсат» АҚ экологиялық К5 санатындағы моторлы отын өндірмек (29,5 млрд. теңге, 28 жұмыс орны).

Айта кетейік, өңірде индустрияландыру картасы аясында 286,7 млрд. теңгеге 36 жоба (1755 жұмыс орны) негізінен құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіп кешені, машина жасау, металлургия, мұнай өңдеу және энергетика салаларында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар екінші бесжылдыққа байланысты облыс жоспары жасалып, тағы төрт жаңа жоба бекітуге ұсынылды.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз