Ірі алаяқтық жасаған деп айыпталған А.Хакалоның қамау мерзімі ұзартылды

Ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін айыпталған «AKELLA» ЖШС директоры А.Хакало биылғы 7 наурызда Орал қалалық сотының қаулысымен екі айға қамауға алынған болатын.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қалалық соттың қаулысымен А.Хакалоны қамауға алу тағы бір айға, яғни 4 маусымға дейін ұзартылды.

Еске сала кетейік, өзін орта және шағын бизнесті қаржылай қолдайтын «USAID CEED Bulgaria in Kazakhstan» халықаралық компаниясының операторымын деп таныстырып, 2009 жылы «AKELLA» ЖШС-ын құрған А.Хакало мекеме-ұйымдармен келісімшарт жасасып, оларды алдап соққан. Соның салдарынан БҚО кәсіпкерлеріне 900 млн. теңге залал келтірген.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз