Қадыров Грозныйдағы лаңкестікке қатысы барларды түгел жазалайтынын мәлімдеді

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров кеше Грозныйда орын алған лаңкестікке қатысы бар азаматтардың барлығын жазалайтынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ, жарылыстан қаза тапқан полицейлердің отбасыларына қайғыра көңіл айтты. 

"Бұл шайтандар өздерінің шынайы бейнесін көрсетті. Оларға жер бетінде орын жоқ, біз соған қол жеткіземіз. Бұл жарылысқа қатысы бар азаматтардың барлығы ұсталып, көздері жойылатын болады" деді Қадыров РИА Новостиге берген сұхбатында.
"Полицейлер өз өмірлерін құрбан ете отырып, өзгелердікін аман сақтап қалды. Егер лаңкесті жолай тоқтатпағанда ол мерекені тойлап жатқандардың ішіне кіріп жарылыс жасайтын еді" деп сөзін түйді Шешенстан басшысы.
Естеріңізге салайық, кеше Астана уақытымен кешкі сегіздер шамасында Грозный қаласында өтіп жатқан мерекелік жиын барысында жанкешті өзін жарып жіберіп, салдарынан бес полицей қаза тапқан болатын. Тағы 12 адам ауыр жараланды. 

http://baq.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз