Қала экономикасына қосылған инвестиция көлемі 1,5 есе дерлік артты - А.Көлгінов

Биылғы алты айда Оралда негізгі қаржыға қосылған инвестиция көлемі 19 млрд. теңгеге жуықтап, өткен жылғыдан 1,5 есе дерлік артты.

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, өткен жылы осы кезеңде инвестиция көлемі 12,6 млрд. теңгені құраған еді. Биыл, нақтырақ айтқанда, 18834,2 млн. теңгенің 6496,1 млн. теңгесі (өткен жылғы алты айда 4507,6 млн. теңге) - республикалық, 1908,1 млн. теңгесі (92,9 млн. теңге) жергілікті бюджеттен түссе, 10430 млн. теңге (7786,6 млн. теңге) кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы есебінен құралды.

Биылғы бірінші жартыжылдықта қалада 50 млрд. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілсе, соның 32 млрд. теңгесі (64 пайызы) өңдеу саласының үлесіне тиеді.

Шаһар экономикасының тұрақты өсуін салықтың түсуінен көруге болады. Бюджетке 34 млрд. теңге салықтық төлем аударылды, бұл өткен жылғыдан 17 пайызға (5 млрд. теңгеге) көп.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз