ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ

Өткен күздегі мол жаңбыр, қаңтар мен ақпандағы аяздар, тоңның қалыңдығы көктемгі су тасқынының ықтималдығын арттыра түсіп отыр. Аяқ астынан туындайтын қиын жағдайға тас-түйін дайын болу үшін, Ақжайық ауданында «Көктем – 2014» командалық-штабтық жаттығу ұйымшылдықпен, жан-жақты дайындықпен басталды.

Аудан орталығында 6 ірі мекеме, ұйымның техникалары сапқа тұрғызылды. Олардың дайындығының алғашқы өлшемдерін анықтау кестеге сай, екі сағатқа созылды. Айталық, егер су тасқынынан аудан орталығындағы тұрғындарды көшіру қажет болған жағдайда алғашқы минөттерде шығарылатын 2 автобустың, 2 «КамАЗ»-дың әзірліктері байқасталды. Бірнеше трактор, автогрейдер, сусорғылар дайын. 2 су таситын автомобильдің жұмыс қабілеті қалпында. Жасақтар мүшелері киім-кешекпен толық қамтылған. Әр топта тиісті байланыс құралдары бар. Кеште сол күнгі жаттығу шараларының қорытындылары шығарылды.

http://zhaikpress.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз