Қар аса мол, жұрт алаңдаулы - БҚО

Орал қаласы төңірегі мен облыс аудандарында қардың көптігі алаңдатып отыр. Осыған байланысты бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің төтенше жағдайлар саласын бақылайтын орынбасары Алмаз Бадашевке ескерту жасады.

«Жағдайды күтіп отырмай, су тасқынының алдын алу шараларын толық көлемде алу қажет. Әсіресе, қала мен елді мекендерден қар шығару жұмыстарын ширату үшін кәсіпорындардан қосымша техника бөлу керек. Әркім өзіне бекітілген аумаққа жауап беруі тиіс. Жағдайды тәулік бойы бақылап отырудың зияны жоқ», деді әкім.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде су тасқынының алдын алу, жою шараларына облыстық бюджеттен 512 млн. теңге қарастырылды. Мұның сыртында 158 тонна жанар-жағар май, 114 мың дана қапшық, 1 мың тонна инертті материалдар әзір.  Облыс бойынша 2 мыңға жуық адам, 700-ге жуық техника, қырық шақты жүзу құралы дайындыққа келтірілді. Бұлардың қатарында 6 жедел құтқару тобы жасақталып, оған 20 техника, 24 жүзу құралы, 92 адам бөлінген.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз